Главная » Файлы » Қазақша » Мақал-мәтелдер

Егiншiлiкке байланысты мақал-мәтелдер
[ Скачать с сервера (22.4Kb) ] 21.09.2012, 11:08
Қашып кетсең, шашып кет.

Жерi байдың – елi бай.


Диханшы жерiн мақтайды.

Балықшы көлiн мајтайды.

Кәсiпқор кенiн мақтайды.


Егiннiң жайын еккен бiлер,

Арбаның жайын жеккен бiлер.


Жердiң сәнi егiн

Ердiң сәнi бiлiм.


Жер тоймай, ел тоймайды.


Жерiне қарай егiн ек.

Жолына қарай жегiн жек.


Қыс азығын жаз жина.


Ексең егiн,

Iшерсiң тегiн.


Арпа, бидай ас екен,

Алтын, күмiс тас екен.


Тамыр тартқан тарықпас.


Жемiстi ағаштың басы төмен.


Қос жүре түзелер.

Берген алар, еккен орар.


Егiншi жылда арманда,

Балықшы күнде арманда.

Оқпанды жерге егiп салма,

Жанжалды жерге жақын қонба.


Не ексең, соны орарсың.


Күрiш арқасымен

Күрмек су iшер.


Екпей егiн шықпас,

Үйренбей бiлiм жұқпас.


Шегiрткеден қорыққан

орманға бармас.


Аюдан корыққан

орманға бармас.


Егiндiктi күз суар

Күз суарсаң жүз суар.


Жабайы шөп егiндi аздырар,

Ерiншектiк ердi аздырар.


Сулы жер құрақсыз болмас,

Таулы жер бұлақсыз болмас.


Едiл суы бал болса –

елге жетер.


Ағын суы бал татыр,

Аң шабағы май татыр.


Сулы жер – нулы жер,

Бұлақты жер – тұрақты жер.




Толықсып аққан дария –

Мейiрбанды қария.


Ерiншек егiншiден,

елгезек масақшы озыпты.


Егiншi мәрт, жер жомарт.


Қыс арбаңды,

жаз шанаңды сайла.


Жаздың бiр күнi,

Қыстың мың күнiн асырар.


Шағала келмей жаз болмас,

Шаңқан болмай боз болмас.


Көктем, көктен нұрын төккен.


Көл жағалаған өлмес.


Күрiш азса көрмек болар.


Соры бар жiгiтке,

Сортаң жер жолығар,

Айналасы ойпаң жер жолығар.


Мәуесi бардың, әуесi бар.


Көлдiң көркi құрақ,

Таудың көркi бұлақ.


Тiкеннен гүл,

Зағардан бал.


Сәуiр болса күн күркiрер,

Күн күркiресе көк дүркiрер.

Орақшының жаманы,

Орақ тандайды.


Ағаш ұстаған жерiнен сынбас.


Айыр пiшен қасында,

Кiсен кереге басында.


Егiндiкте ел тастама.


Сусыз жердiң шөбi аясыз,

әлсыз ердiң малы аясыз.


Дихан болсаң,

Жерiңнiң басында бол,

Сыпайы болсаң,

Бегiңнiң қасында бол.


Дихан болсаң,

Қос егiзiң тең болсын;

Шаруа болсаң,

Қос етегiң кең болсын.

Жетi жыл жерлес болғанмен,

Жесiрлес боласың.


Тамырың қашса тары ек,

Келер жылы тағы ек.

Тамырың келер қасыңа.

Қайыры тиер басыңа.


Дихан жауында тынады,

Балықшы дауылда тынады.


Сабағы жаман жемiстiң

Дөнi де жаман.



Кешкi күн құлтақтанса,

Қатының ұл тапқандай сүйiн.

Ертеңгi күн құлақтанса,

Елiңдi жау шапқандай күйiн.


Сағадағы су iшедi,

Аяқтағы у iшедi.


Ерiншек егiншiден,

Ерiнбеген науқаншы озады.


Ағашы аласа болса да,

Алмасы тамаша.


Мәуелi ағаш майысқақ.


Егiн ексең тыңға ек,

Онан өнер өнiм көп.

Категория: Мақал-мәтелдер | Добавил: MGOKZ | Теги: мәтел, мақал-мәтел, мақал, егін
Просмотров: 1574 | Загрузок: 89 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 1
1 Болатқызы Рузана   (05.05.2015 18:19)
Маған керек мақал-мәтелдер жоқ!

Аты *:
Email:
Кілт *: