Главная » Файлы » Қазақша » Рефераттар

Қаңлы мемлекеті
[ Скачать с сервера (27.7 Kb) ] 22.09.2012, 23:13
Қазақтың шежірелік жылнамаларына сәйкес Қаңлы - ұлы жүздің ежелгі және белгілі руларының бірі. Шежірешілер Қаңлыны Шыңғысханның серіктестерінің бірі Майқы биден таратады. Бірақ тарихи куәліктер Қаңлы руының шығу тегіне байланысты шежірелік жылнамаларға қарағанда, біршама басқаша сөйлейді. Махмуд Қашқаридың "Түркі тілдерінің лұғаты" жинағында:"Қыпшақ бірлестіктерінің (тайпа) тамаша руларының бірі Қаңлы болды",- делінген. Тасқа жазылған ертедегі түріктік орхон-енисей сына жазуларында тәңір түріктерінің көсемдері Қаңлы туралы былайша бағалайды:"Қаңлы ата бізге келді", бұл Түрік қағанаты кезінде қаңлы руының маңызы туралы баяндайды. Сондықтан қазақ халқында осы уақытқа дейін:"Құрметтелетін халықта Қаңлы бар", "Қаңлыдан хан сайлайды", "Қаңлы бар жерде басқа хан болмайды" деген сөз бар. Белгілі ғалым және ақын Шәкерім қажы "Түріктердің, қырғыздардың және қазақтардың шежіресі" кітабында қаңлы туралы былай деп жазады:"Олардың (қаңлылардың) бұрынғы уақыттарда бектері көп болған. Стамбулда қаңлы руынан шыққан көптеген Осман түріктері тұрады".

Қаңлы тарихы б.д.дейінгі 4 ғасырдан белгілі, онда олар Кангха халқы ретінде жазылған. Ал ертедегі қытай құжаттары " Хан әулетінің кітабында" қаңлы "Кан жуй" деп тіркелген, ал бұл жазулар б.д. дейінгі 2 ғасырдың екінші жартысына жатады. Ертедегі дәуірлер туралы қытай кітаптарында "Кан жуй гую - Қаңлы мемлекеті" деп айқын көрсетілген. Басқа қытай кітаптарында қаңлы "Кан, Кангла, Кангуй, кангар, кенгерес" ретінде бейнеленген. Сонымен, б.д.дейінгі 3-1 ғасырларда қаңлы Сырдария, Шу өзендерінің алқаптарында, Қаратау тауларында өмір сүрген деген қорытынды шығаруға болады. Сол уақыттарда олар шығысында үйсіндермен, батысында аландармен, оңтүстігінде Ферғанамен шектеседі. Сол "Хан әулетінің кітабында": "Хан қыстау-астанасы Люенйдиде болды, кейінірек Бйтян қаласына көшірілді. Егер Люенйдиден шығып, атпен 7 күн жүрсек, онда ханның Бйтяндағы жазғы астанасына келесің. Түтін саны 120 мың, адам саны 600000, әскері 20000, салт-дәстүрлері, мінез-құлықтары ұлы юечжилерге ұқсас. Шығыс бөлігі ғұндарға бағынады",- делінген. Сонда Қаңлы мемлекеті бектерге бағындырылған бес облысқа бөлінетіндігі айтылған.

Қанглы (Қаңлы) этнонимі туралы индо-еуропалық тілдерде "Қаңлы" сөзі "су", "өзен", "өзеннің ағысы" деген мағына беретінін айтуға болады. Түрік тілдерінде "Кан", "Кең" - жазықтық, кеңістік дегенді білдіреді. Бұл сөздің бастапқы мағынасы ¤зен атауы сияқты, яғни қаңлы халқы алқабында өмір сүрген Сырдария өзенін меңзеп тұр. Ертедегі қытайлар ғұн бегі тұрған жерді бір кездерде Лули деп атады, яғни Кең су (енді, кең су) деді, бұл қытайша Гунь болады. Қанглы (Қаңлы) халқы дәл Сырдарияның өзінде тұрғандықтан, бұл сөз халықтың этнониміне, оның өз атауына айналды, соған сәйкес мемлекет те Қаңглы мемлекеті атанды.

Қанглы (Қаңлы) этнонимі қытай кітаптары мен жылнамаларында ғана емес, сонымен бірге парсылық "Авестада" "Кангха", Орхон-Енисей сына жазуларында таста "Кану-Тарбан", ежелгі грек географы және тарихшысы Птоломейде "Канагай" деп кездеседі, Фирдоусидің "Шахнамесінде" Туран мемлекетінің астанасы Кан қаласы болып табылады" делінген. Сонымен, біз Кан-Кен сөзі "Кан өзенінің жағалауында тұратын халық", "өзен халқы" дегенді білдіреді деп қорытынды шығара аламыз.

Қанглы (Кангюи-Кан жуй) ертедегі уақыттарда-ақ (б.д.дейінгі 3-1 жүзжылдықтар) көрші елдермен және халықтармен, юечжилермен және Кушандармен (юечжилердің өздері Бактрияда құрған мемлекет) тығыз байланыста болған. Қаңлы мемлекетінің күшті болғаны соншалықты, сол кездері Хан әулеті билеген тіптен ежелгі ұлы Қытайды мойындамаған. Қаңлы халқының жеріне келген қытай елшісі Гошун қытай императорына жазған өз хатында былай деген: "Қаңлы халқы іскер және батыл, тіптен біздің елшіні лайықты қабылдамады. Оларға Тұтық бектен елшілер келгенде, оларды үйсін сияқты халықтардың елшілерімен қатар және тіптен төмен отырғызды. Хан мен оның кеңесшілері тамақ ішіп болған соң, содан кейін ғана Тұтық бектің сенімді елшілері дастарханға шақырылды". Бұдан олардың Хан мемлекетін танымағандығы көрініп тұр, оны өз көрші халықтарынан төмен қойған. "Хан әулетінің кітабында" нақ осылайша айтылған. ("Батыс аймақтардың сипаттамасы").

Қаңлы халқы жартылай көшпенді, жартылай отырықшы еді, сондықтан оның жазғы және қысқы астанасы болды. Қытай саяхатшысы Жан Чяня І ғасырда Қаңлы мемлекетінің астанасы Отырар (Фараб) қаласы болды деп жазады. Басқа ғалымдар Қаңлы халқының астанасы Шаш (Ташкент) қаласынан алыс емес еді дегенді айтады.

Қаңлылар күнге, айға және қасиетті малдарға табынды. Б.А.Литвинский өз зерттеулерінде қаңлылар өлген адамды батысқа қаратып жерлейді деп жазды. Зороастризмді ұстанды. Антропологиялық типі - еуропидтік, жүзі ақ, көзі көк болып келеді, Андронов мәдениеті адамдарына өте ұқсас. Ал тілі мен әдет-ғұрыптары үйсіндерге, аландарға, ғұндарға ұқсас. Аса үздік ғалым Әлкей Марғұлан ертедегі тарихқа арналған өз еңбектерінің бірінде: "Батыста ғұндардың басты күші қаңлылар болды. Олар өте ұзақ уақыт бойы Талас пен Сырдария өзендері бойында тұрды, ғұндармен қатар өмір сүрді, олармен көп ортақтастыққа ие еді ... Олар Орхон мен Енисейде пайдаланылған ертедегі сына жазуларын пайдаланды, қаңлылар тұрған қалалардың қабырғаларында олардың жазуларының іздері қалды", - деп жазды.

Қаңлы халқының сарайындағы қоймаларда заңдар жинақтары болған, сол бойынша қылмыскерлер сотқа берілген, осыған байланысты тарихи құжаттармен дәйектелген Әлкей Марғұлан тұтас зерттеулер арнады.

Түрік тарихшысы Ф.Копрұлы белгілі қыпшақ сөздігі "Кодекс куманикус" жарыққа шыққанда, тілдерді зерттеуші оғыз ғалымы Мухаммед бин Каис "Қаңлы халқы тілінің сөздігін", арабша "Тиббйу аль-Лұғат аттүрки ала Лисан Эл-Қаңлы", еңбегін жазды деп растайды.

Сол уақыттарда күшейген эфталиттердің (Ақ ғұндардың) ықпалына түскенше, Қаңлы халқы өзінің тәуелсіздігін 5-6 ғасырларға дейін сақтады. Олар 6-7 ғасырларда Түрік қағанатының құрамына енді, 7-9 жүзжылдықтарда арабтардың ықпалында болды, 11-12 ғасырларда қыпшақтарға бағынды. Олар 9 ғасырдан бастап Ертіс пен Алтайда тұратын қыпшақтармен араласып, өздерінің дербестігінен мүлдем айырылады және кейінірек Қазақ хандығын құрған рулық бірлестіктердің біріне айналды.

15-16 ғасырда үш жүзден (ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүз) бірыңғай қазақ халқы құрылады да, қаңлылар ұлы жүздің құрамында Сырдария өзенінің алқабындағы өзінің ежелгі жеріне оралады, мұнда ол Ташкентпен шекаралас аумаққа орналасады. Жоңғар шапқыншылығы кезінде Жетісуға дейін көшіп, азаттық соғысына тікелей қатысты. Сол кезде оларды Сары Қаңлы бабасынан тараған Қаңлы халқы деп атады.

Ертедегі қаңлы халқының ұрпақтары қырғыз, қарақалпақ, өзбек, түркімен, башқұрт, әзірбайжан, ноғай, түрік және ұйғыр сияқты туысқан түрік халықтарының арасында өмір сүріп жатыр. Кезінде қаңлылардан көптеген батырлар, мемлекеттік қайраткерлер, ғалымдар және өнер адамдары шықты. "Ақылды әрі аман-есен халықта Қаңлы руынан жоқ дегенде бір адам бар", - деген сөз тегін айтылмаған. Оның терең мәні бар, ал бұл сөздің өзі бізге алыстағы ғасырлардан жеткен.



Категория: Рефераттар | Добавил: MGOKZ | Теги: Қаңлы, Қаңлылар
Просмотров: 2913 | Загрузок: 140 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 1
0  
1 БЕРИК   (09.02.2014 20:27) [Мәлімет]
Кушти

dth="100%" cellspacing="1" cellpadding="2" class="commTable">
Аты *:
Email:
Кілт *: