Главная » Файлы » Қазақша » Рефераттар

Қаңлы руы
[ Скачать с сервера (50.4Kb) ] 22.09.2012, 23:15
Қаңлы Ұлы жүз құрамына кіретін ежелгі түріктің руы (тайпасы ред.) болып есептеледі. Бұл рудың (тайпаның ред.) этногенезі мен тарихы туралы жазба деректер аз емес. Сондықтан біз олардың кейбіреуіне толық тоңталамыз. Олардың ішінде а умақты тұтас зерттеу орыс шығыстанушысы Н. Аристовтың еңбегі болып табылады. Онда аталмыш авт ор былай деп жазады: «Қаңлылар дулаттар тәрізді ежелгі түрік руы. Бәлкім, Авеста пен Махабхаратта Қаңқа деп еске алынатындар солар шығар. Қытайлар бізді ң жыл санауымызға дейінгі бір жарым ғасыр бұрын Сырдариядағы, Зеравшан мен Әмударияның төменгі ағысындағы ұсаң отырықшы аймақтар бағынатын Кангюйдың ұлан-байтақ иелігіне кез болады. Кіші хандар дәуірінде (25221 ж.ж.) Кангюй мен Қаңлылар Арал мен Каспий теңіздерінің аралығындағы аландарды биледі. 568 жылы Византия елшісі Земарх Дзивул түрік ханына келіп, бұл кезде Холиат аталатын түрік қаңлыларының жерін басып өтеді. XI ғ асырда Мауараннахр мен Батыс Азияны жаулаи алған селжүктердің өздері қаңлы болмаса да, Р ашид ад-Дин атап көрсеткендей, олардың әскерінің негізгі сүйегі қаңлылардан тұрды. Бал асағұндағы соңғы ңарлұқ билеушісі XII ғасырдың екінші ширегінде өзін қаңлы шабуылынан қорғау үшін Қарақиданның Гурханын шақырды.

Сұлтан Мұхаммед Хорезмшахтың қосынында Таластан келіп он мыңдаған Қа ңлы ңызмет етті. 1200 жылы Гинь елшісі Буксин Шыңғыс-ханға келе жатқан жолында Мауараннахрда кездескен Қаңлы руының санын айтады. Плано Карпини құмандардан (қыпшақтардан) кейін Қаңлы елімен жүріп өтті. Рубрук та 1258 жылы бұл көшпелілердің (саngle) ата-жұртын басып, сапар шекті. Ақсақ Темірдің кезінде қаңлылар Сырдың оң жағасын жайлады, бірақ саны көп емес еді. Ѓасырлар бойы ортасынан оңтүстік пен батысқа басым көпшілікті аттандырып отырды, өйткені Европаға құйындай тиген ғұндар мен қыпшақтардың жауынгерлері өздерімен бірге қаңлыларды ілестіре кетіп, барған сайын олар азайып , өз ата-жұрттарында билігі әлсіреп, шығыстан дулаттар мен солтүстіктен қыпшақтар қы спағына ұшырап, Сырдарияның орта ағысындағы жағалауларға ығысты. Қазақ-қырғыз одағына қаңлылар аз ру болып қосылады, себебі олардың көпшілігі Шайбани әулетімен Мауаранахрға кетіп қалған еді. Қырғыз-қайса қ хандары мен сұлтандарына жеке, сарай күзетшілері мен қосы ндардың басты құрамын (төлеңгіттерді) бере отырып, қаңлылар бүкіл қазақ даласына таран кетіп, қазіргі кезде жекелеген рулық топ ретінде тек Ташкент уезінде ғана кездеседі. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында, Н. Аристов көрсеткендей, қаңлылардың рулық тобы Ташкент төңірегінде ғана емес, сонымен бірге Жетісу уәлаятының Қапал мен Верный уездерінде де қоныстанды.

Қаңлы руының тегі туралы орыс әтнографы А. Харузин өз еңбегінд е ғажайып аңыз мәлімет береді. «Қаңлы тайпасы...» бір кездерд е Жалайырлар сияқты жеке ру болып өмір сүрді. Қаңлы атын, Рашид ад-Диынің айтуынша, Оғыз ханның (түрік тердің атасы) өз туыстарымен күресінде оның жағына шыққан түрік рулары алды: олар «малды жегіп, өз қал- қадарынша арба жасады және түріктер арбаны қаңлы дейді» деп жазды ол. Қаңлылардың шығу тегі туралы Әбілғазы төмендегідей аңызды келтіреді: «Оғыз х ан барып, татарларға тиді. Татар ханы сан мың әскерімен оған қарсы шықты; олар шайқасып, Оғыз хан кенет шабуыл жасап, оның (татар ханының) қолын быт-шыт қылды. Оғыз ханның қолына көп олжа түсті, оларды тиеп алып кетуге лау жетпейді. Олардың қасында қолы епсекті бір шебер кісі болып, ол ойланып-толғанып арба жа сады. Оған қарап, бәрі де арба құрастырып, оған олжаны тиеп, бәрі үйіне қайтып келді. Арбаны «қаңлы» деп атады. Бұған дейін оның (арба) аты да, заты да болған емес, ол қозғалғанда қа ңқ деп дыбыс шығаратын себепті оны «қаңқ» атады. Оны жасаған адамды «қаңқылы» деді. Бүкіл Қаңлы елі сол адамның үрім-бұтағы». Академик В. В. Бартольд те қаңлылар туралы құнды мағлұмат беріп кетеді: «Құмандар мен қыпшақтардың түйісуі, соңғылардың қаңлылармен жақын туыстығы күмән туғызбайды. XII ғасыр мен XIII ғасырдағы мұсылман жылнамашылары қаңлы мен қыпшақ сөздерін синоним ретінде қолданады. Егер кангюй мен қаңлы атауларын өзара жақ ындастыру мүмкіндігі болса, онда бір кезде түрік халқының ең баты сын жайлаған ежелгі тайпа қаңлылар болып табылады».

Одан әрі оқымысты: «Бәлкім, қаңлылардың өнері шығар , қара қырғыздардың сөз саптауы қырғыз-қайсақтарға Енесай түрік терінің тіліне қарағанда әлдеқайда жақын тұрады». Қара қырғыз халқының құрамына енген қаңлы мен қыпшақтар туралы Аристов жазды, одан басқа Қаңлы жұртының мекені бір кезде қиыр шығысқа қарай созылып жатқаны жайында бірқатар тарихи деректер келтіруге болады. XII ғасыр басында қаңлылар қарлұқтармен бірге Баласағұнға қатер төндірді (Джувейни); XIII ғасырдағы Алмалықта құрылған түрік иел ігін қаңлылар құруы да ғажап емес, ең ақырында Рашид ад-Дин қаңлылар Найманд ар жерінде, Ертістің жоғары жағында тұрды деп көрсетеді. Қалай болғанда да, деп жазады С. Аманжолов, М. Қашғари (XI ғасыр) өзінің әйгілі еңбегінде қаңлыларды ру ретінде еске алмайды. Ол: «Қаңлы қыпшақтардың ұлы адамдарының бірі» деп жазады. Бұл тұжырым қыпшақтар мен қаңлылардың бірлігі туралы академик Бартольдтің ойына жан бітіреді, сондықтан қаңлылар хақ ында арнайы айтылмайтын шығар. Алайда, бұндай бірлік уақытша да болуы кәдік. XI ғасырда н кейін қыпшақтар мен қаңлылардың жеке өмір сүруі көп жайды аңғартады. Басқ а қырынан қарағанда, М. Қашғари дәуірінде қаңлылардың көбісі Кіші Азияд а болғаны себеп шығар дейтін ой келеді. Соңғы ұйғарым академик Г ордлевскийдің зерттеулерімен пысықтала түседі, ол «оғыздан көп бұрын, елді түріктендіру жүрді. Қалаш, Қарлұқ, Қаңлы, Қыпшақтар көптен бері елдің түз тұрғындарын бағындырып жатты» деп жазады. Қаңлылардың мүлде жоғалып кетуі туралы әңгіме туыидамайтыны айқын. Махмұд Қашғари XI ғасырда ғұмыр кешкен қаңлылардан басқа, Қазақстанмен қоса, Орта Азияда өмір сүрген көптеген руларды суреттеп, қамти алған жоң. Дегенмен, басқа деректер бойынша қаңлылардың дені Қазақстан мен Орта Азияны өте ертеден мекендеп келеді. Бұл, біріншіден, Монғол шапқыншылары (XIII ғасырдың басы) Самарқанға тигенде бұл шаћарда 40 000 қаңлы мен парсы сарбаздары бар еді. Одан әрі Темір жорыңтарында айтылғандай, өла р Жошы ұлысында Сырдария мен Талас арасында (Әбілғазы Баћадүр хан) ұ шырасады. Қазақтардан басқа түркі халықтарының арасында ңаңлылардың бар екенімен е септеспеуге болмайды. Мәселен, Алтай мен Енесай түріктерінің ішіндегі, сонымен ңатар сақалар арасындағ ы кангаластарды өз қандастарынан өте ертеде бөлініп кеткен ежелгі ңаңлылар деп қабылдамай отыра алмаймыз. М. Тынышбаев өзінің «Қырғыз-қазақ халқының тарихына ңосымшалар» деген құнды, шағын еңбегінде қысқаша, бірақ толық қисынымен Қаңлы тарихын зерттейді.

Ол «Қаңлы қытайларға кангюй атымен б. ә. дейінгі II ғасырда мәлім болды» деп жазды. Дау жоқ, Қаңлы Сырдария өзенін мекендеген түрік руы. Самарқан, Бұхара мен Хорезм өңірі де қаңлыларға бағынып отырды. Б. ә. алғашқы жылдарында қаңлылар ғұндармен бір ігіп, үйсіндер және қытайларға қарсы шайқасты. VI ғасырда қаңлыларда төрт дөңғалақты арба болды. X ғасырда қаңлылар арасынан Селжүк әулетінің негізін салған Селжүк деген әлдекім қара үзіп шығып, XII ғасырдың екінші жартысы мен XIII ғасырдың бірінші жартысына дейін Сырдарияның жоғары жағы мен Кіші Азияда билік құрды. XI ғасырдың басында бұл рудың халарлы атты бір бөлшегі Арменияға қоныс аударды, соның негізінде XIII ғасырда болашаң Осман империясының ұйтңысы құрылды. XII ғасырда ңаңлылар Шу өзенінің бойында ұшырасады. X ғасырда Мауараннахрды баса-көктеген түрік тердің ең көбі ңаңлылар еді. Содан бастап, Мауараннахр Түркістан деп ата лады. Хорезмшах (Мұхаммед Хорезмшах) дәуірлеп тұрғанда, Түркістанда қаңлылардың дегені жүріп тұрды; Хорезмшахтың анасы Түркен-қатын қаңлыдан шыңңан болатын. Отырар ңамалының әміршісі Қайыр хан оның жиені. Хорезмшахтың Шыңғыс-ханға қарсы қойған басты күші ңа ңлылар болыпты. XIII ғасырда Плано Карпини мен Рубрук қаңлылар жерімен өтіп, олардың ңонысын Сырдарияның төменгі ағысы мен Қарақұмда кездестірсе, Темір жорықтарынан біз олардың XIV ғасырдың аяғында Жошы ұлысының бір бөлігін құрап, Сырда рия мен Талас арасында көшіп жүргенін түсінеміз. XVII ғасырдың басында Ташкент уезінде тұратын қаңлыл ар мен қатағандарды Тұрсып хан жеке билеп-төстеді. 1629 жылы «Еңсегей бойлы ер Есім» оңтүстік өңіріидегі қазақтарды тонағаны үшін Тұрсын ханды өлтіріп, қ аңлы мен қатағандарды қуғындады. Олардың бір бөлігі Сырдың арғы бетіне бас сауғ алап, қалғандары «Шанышқылы» атымен қаңлыларға қосылды. В. Востров өз еңбегінде қаңлылардың ежелгі тайпа және олардың түркі т ілдес екенін үзілді-кесілді мойындап, көрсетілген деректер негізінде рудың қысқаша тарихын шолып. ол не себептен екені белгісіз, Қаңлы руының аталың құрамы жөнінде ешқандай мәлімет бермейді.

Қаңлы руының әтногенезі мен әтникалық тарихы, тайпалың құрылымы мен ерекшеліктері туралы академик Ә. Қайдаровтың Қазаң әнциклопедиясында мақаласы жарияланған. Бұл мақаланы жазу үстінде ол жоғарыда көрсетілген және көрсетілмеген лингвистикалық деректерді мұқият зерттеген. Ә. Қайдаров Н. Аристов және басқ алардың ізін алып, басқа мағлұматтарда кездеспейтін Қаңлы ру ының тайпалық құрылымын беріп, қысқаша тарихына тоқталып, олардың ежелгі түркі тілдес екенін салмақты дәлелдейді. Ә. Қайдаровтың тектану кестесінде қаңлылардың атасы Майқы би болып саналады. Қаңлы руы Сары-қаңлы мен Қара қаңлы болып екіге бөлінеді, оның үст іне Сырдария мен Жетісу қаңлылары да осылай жіктеледі. Ұлы жүз Төбейден таратсақ, одан Байтерек, одан Қаңлы, одан Қанқөжек, Келдібек. Келдібектің бірінші әйелі Сары бәйбішеден Сары қаңлы ұрпақтары, ал екінші әйелінен Қара ңаңлы ұрпақтары өрб иді. Сырдария қаңлылары Сары ңаңлы (олар бес ата: Аңбота, Ақынқожа, Телқожа, Омыртқа, Миям) мен Қара қаңлы (олар 6 ата: Тоғызбай, Оңбай, Тоғанай, Бақа, Батырақ, Қара). Жетісу қаңлылары да Сары-қаңлы (бес ата: Әлсейіт, Түрке, Шоқпар, Құйысқансыз және Шанышқыл ы) мен Қара ңаңлы (6 ата: Ерезен, Қаспан, Еңке, Танта, Оразымбет, Бақа) болып тарайды. Бұл ата-текті салыстырып, Ә. Қайдаров Жетісу қаңлыларының атасы Сырдария қаңлылары болып табылады деген дұрыс қорытындыға келеді. Біздің зерттеулеріміз де соған сәйкес. Жетісуда қоныстанған қаң лының кейбір рулық тобы«Ақ қаңлы» және «Қызыл қаңлы» деп те бөлінеді, соңғылары Сар ы қаңлының бір тармағы Телқожа атасының ұрпақтары болып есепт еледі. Соныменқатар Ә. Қайдаровтың «Сары-қаңлы», «Қара-қаңлы», «Аққаңлы», «Қызыл-қаңлы» әтнонимдерінің бірігу салдары туралы пікірі де орынды. Ол әлгілер ата-бабаларының өз есімдері түр-түсі мен киіміне байланысты емес деп санайды. Бәрінен бұрын бұл ңырғыздағыдай кейбір рулардың «сол ңанат» пен «оң қанат» аталатын бір-бірімен қатысты географиялың орнын анықтайды. Жоғарыдағы деректерге сүйеніп, Қаңлы руының әтногенезі мәселелерін қозғап, ол арды ежелгі кангюй-түріктердің тікелей тұқымы деп с анаймыз.

Қаңлы руының шығу тегі туралы әлгі авторлар пікіріне қарам а-қарсы тұжырым да айтылып қалады. Мәселен, белгілі әтнограф, Т. А. Жданко біздің дәуірімізге дейінгі II ғасырдағы кангюларды XIXII ғасырдан кейін пайда бөлған қаңл ылармен түйістіру дұрыс емес деп есептейді. Одан әрі ол кангюлер «тек қана ңаңлылар ғана емес, ертедегі ә тникалық қабат» деп түсіндіреді. Қаңлылардың тілдік тәуелділігіне тоқтап, «Арал маңында ғы тұрғындарңаңғар-ңыпшаңтар әтногенезінің негізіне жатады «оларды түркілендіру тек біздің дәуіріміздің IVVIII ғасырында жүрді, сондыңтан еже лгі кантюлерді түркі деп атауға негіз жоқ» деп түйеді. Бұл автордың көзқарасын толық сыйлай отырып, деп жазады В. Востров, ежелгі кангюлер мен ңаңлылардың әтникалық астасуын көрмеу дұрыс емес деп есептейміз. Ондай ұласулар сөз жоқ болды. Шьш мәнінде біз қаңлылардың Орта А зия мен Қазақстанның қазақ, өзбек, қарақалпақ халықтарының саяси және әтникалық тағдырында маңызы ерекше екенін білеміз. Т. А. Жданко пікірінше, XIXII ғасырдан бұрын пайда б олған аздаған ңаңлы ру- тайпалың бірлестігінің ңолынан ондай әлуетті тіршілік келер ме екен? Оның үстіне Әбілғазы көрсеткендей, бұл қаңлылардың басым көпшілігін Шу мен Талас өңірінде монгол басқыншылары талқандап жіберген болатын. Бұл жерде біз кейінгі уақыттағы қаңлылардың әтникалың негізін құрайтын ежелгі әрі саны көп (20 мың шаңырақ) кангюй халқ ымен тоқайласып отырмыз. Біз В. Востровтың ежелгі кангюйлер мен қаз іргі қаңлылардың терең жалғастығы бар деген толық дәлелі бар дәйектемесі н құптаймыз. Әдеби деректерден тыс Қаңлы руының ата-тегінің к естесін жасауға өзіміздің зерттеуіміз көмектесті. Қаңлылардың шығу тегі туралы бізге мәлімет берушілеріміз де құ нды мағлұматтар берді, олар: Талдықорған облысы, Қоғалы ауылының тұрғыны, 1906 жылы туған (Жалайыр) Әбілқасым Жантайлаңов; Алматы облысы, Шелек а уданы Қызылжиде кеңшарының тұрғыны 1905 жылы туған (Қаңлы) Нұрыш Нүсіпов; сол кеңшардың т ұрғыны 1938 жылы туған (Қаңлы) Стан Мұқашев; Алматы облысы, Шелек ауда ны Ащысай кеңшарының тұрғыны 1924 жылы туған (Найман) Файзолла Балмағанбетов; Алматы облысы, ПІелек ауданы, Жарсу кеңшарының тұрғыны 1928 жылы туған (Шапырашты), Қожахмет Кәрібаев аз көмектескен жоң.

Бұлардың ішінде қолы нда жазба шежіресі бар білгірлер, әрине, болған жоң, соған қарамастаи олардың әрңайсысы есте қалғанда рымен Қаңлы туралы недәуір мәліметтер берді. Әйтсе де, көптеген рулар, аталар мен топтар туралы толың тектану кестесін бере алған жоқпыз (№ 11 ңосымшаны ңараңыз). Ұлы жүздің Төбейдеп басталатын шежіресінде, қайталап айтамыз, Төбейден Бәйтерек, одан Қаңлы, одан Қанкөжек, одан екі әйел алған Келдібек аталады. Бірінші қосағы Сары бәйбішеден Сары қаңлы ұрпақтары, ал екінші әйелінен (әлде бір хан қызынан) Қара ңаңлы аталары өніп-өсті. Бұл әрбір төп тіршілік ету аясын а байланысты екіге бөлінеді. Мәселен, Сары қаңлылар да, Қара ңаңлылар да Сырдария және Жетісуда екі атад ан тұрады. Сырдарияның Сары қаңлылары бес а та: Ақбота, Аңынқожа, Телқожа, Омы ртқа, Миям; Жетісудың Сары қаңлылары 6 ата: Әлсейіт, Ақбарақ, Құйысқансыз, Бозым, Ешкілі, Шанышқылы. Сырдарияыың Қара қаңлысы 6 ата: Тоғызбай, Онбай, Тоған бай, Бақа, Бадырақ, Қара; Жетісудағылар да 6 ата: Ерезен, Қоспан, Еңке, Танта, Оразымбет, Бақа. Бұл тізімнен Қызыл қаңлы мен Қаңлы рулық құрылымын қоспағанда, жоғарыда көрсетілген төрт топтан 23 ата тарайтынының өзі бұл тайпалардың бұрын көптігін көрсетеді. Ә. Қайдаровта алғашқы бірінші буындағы аталар 22-ге жетеді. Ә. Қ айдаров деректері мен біздің зерттеуіміздің айырмашылығы тек Жетісу Сары қаңлыларының ә тникалық жағдайына саяды. Оның Жетісу Сары қаңлылары бес атадан : Әлсейіт, Шоңпар, Түрке, Құйысқаисыз, Шанышқылыдан тұрса, біздіңше олар 6 атадан құралыпты: Әлсейіт, Ақбарақ, Құйысқансыз, Бозым, Ешкілі, Шанышқылы. Біздің дерегіміз бойынша, Ақбараңтан Шоңпар, одан Түрке, демек, бұнда айрықгда қайшылық жоқ. Қаңлының бұл 23 атасы туралы түтел ата-тегінің кестесін жасадық. Кестеден көрінгендей, біз онда Шанышқылы, Онбай, Ерезен, Қоспан аталары, әсіресе, бүгінге дейінгі Жетісу Сары қаңлыларына кіретін Ақбарақ руының таралу тегін мәлімет беруші 1938 жылы туған Стан Мұқашевтан жазып алып, толық келтіріп отырмыз. Оның айтуынша, оны түпкі атасынан 12 ұрпақ бөліп тұр.

Біздің басқа бір мәлімет берушіміз 1905 жылы туған Нұрыш Нүсіпов өз атасы Ерезениен бастап, тікелей тұқым қуалап, өз баласына дейін жеті ата өтті деп есептейді, біздіңше, бұл жеткіліксіз болып көрінеді, өйткені Ерезен Ақбарақпен бірдей бірінші ата, одан бері 12 ұрпақ ауысқан. Сонымен, біздің Қаңлы руының тегі туралы жасаған кестеміз мүлде толық болмаса да, ол айқын суретті көз алдыңа келтіреді. Көне түрік тен бір кездегі қуатты Қаңлы руы ғасырлар бойында көптеген тарихи оқиғаларды бастан кешіріп, бізге дейін б ірсыпыра түрік халықтары: қазақ, өзбек, қарақалпақ, қырғыз, башқұрт және басқалардың құрамында жеке әтникалық төп болып жетіп отыр. Қаңлылардың жауынгерлік ұраны «Байтерек», «Айрылмас» (Аристов, Аманжолов, Тынышбаев, Қайдаров бойышна), ал рулық таңбасы жоғарғы деректерде I (көсеу таңба). XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында Қаңлы руының аталары Жетісу уәлаяты Қапал мен Верный уездерінде, Сырдария уәлаяты Әулиеата, Шымкент пен Ташкент уездерінде қоныстанып жүрді. XIX ғасырдың аяғында Н. Аристов Қаңлының шағын тобы Верн ый уезінде (300 үй) кездесетінін хабарлайды (Қайдаров). Әулиеатада350 үіі (Мұ қашев), Шымкентте 478 үй (Гродеков), Ташкент уездерінде 1650 үй (Мұқашев) мекендеді. О л тағы бір тұста қаңлылар мен шанышқылардың жалпы саны10 000 үй болды деп көрсетеді. Ә. Қайдаров Қазақ әнциклопедиясында 1885 жылы Ташкент уезінде құрамал ардың 24 400 түтіні болып, олардың ішінде қаңлылар мен шанышқылылар 14 мың түтін екенін айтады. М. Тынышбаев өз еңбегінде қаңлылар мен шанышқылардың 1917 жылғы жалпы саиын уездер бойынша береді. Мәселен, Ташкент у езінде 160 мың жан, Әулиеатада 20 мың жан , Верный уезінде 10 мың жан өмір сүрген. Жоғарыдағы үш уезде барлығы 190 мың жан тұрып жатты.

Жетісу уәлаятындағы каңлылар Қапал мен Верный уездерінде қоныстанды. Сойтіп, Ңаңлы руының үш атасы Қапал уезінің жерінде Алтынемел тауларын қыстады. Қызыл қ аңлы руының қауымы Арқарлы, Қоғалы, Байжанбастау, Мамырх анбастау мен Дөненбайбастау шатқалдарында қоныс тепті. Қапсан қаңлы руы Қарабастау, Қа сқажол, Құмалақты мен Майбұлақ қойнауларын жерсінді. Бадырақ қаңлы Құрөзек, Пішен сай, Шөладыр, Қоянкөз, Ұзынбұлақ, Майтөбе мен Манас маңайын жайлады. Бұл аталардың көктеуі мен күзеулері өздері жеке пайдаланатын жердің төңір егінде жатты. Ол мекенге жаңын тұста Шетенсай, Үшбұлаң, Қарағайлыбасы мен Долана лы шатқалдарында жайлауы орналасты. Жетісудың өзге қаңлыла ры Верный уезінің шығыс жағындағы Албан руы Сегізсарылармен, батыста Іле өзенінің сол жағасындағы ІПапырашты руының Шыбыл аталарымен қоян-қолтық тұрып жатты. Сырдария қаңлыларының аздаған тобы Әулиеата уезінің Талас ө зенінің алқабында, Шымкент уезінің Арыс және Келес өзенінің құйылыстарында қоныстанды. Бұл өлке қаңлыларының көпшілігі Сырдың орта ағысындағы Ташкент уезінде орналасты. Сырдария қаңлыларының негізгі шаруашылығы суармалы егіншілік болды, ал жетісулықтар егін салса да төрт түлік өсірумен шұғылданды.



Категория: Рефераттар | Добавил: MGOKZ | Теги: Қаңлы, ру, тайпа
Просмотров: 2462 | Загрузок: 146 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Аты *:
Email:
Кілт *: