Главная » Файлы » Қазақша » Рефераттар

Қаңлылар (б.з.б. II ғ. – б.з. V ғ.)
[ Скачать с сервера (16.4 Kb) ] 22.09.2012, 23:10
Қаңлылар (б.з.б. II ғ. – б.з. V ғ.) – Қазақстан жерін мекендеген ежелгі тайпалардың бірі. Олар шығысында – Талас пен Шудың төменгі ағысы аралығындағы, оңтүстігінде – Ташкент ойпаты, солтүстігінде – Сырдарияның төменгі ағысы
аралығындағы аумақта өмір сүрген. Орталығы (астанасы) – Битянь қаласы болған. Қаңлылар көне түркі тілінде сөйлеген. Қаңлылар мал бағып, суармалы егін шаруашылығымен шұғылданған. Олар, негізінен, жылқы мен қой өсірген. Танаптарда тары, арпа, бидай еккен. Қауын, қарбыз өсірген. Сырдария аңғарының тығыз тоғайларында жабайы аң- құстарды аулаған. Сонымен бірге балық аулау кəсібімен де айналысқан. Қаңлыларда қолөнер ісі жақсы дамыған. Олар темір өңдеуді білген, одан еңбек құралдары мен қару-жарақ дайындаған. Саз балшықтан неше түрлі
ыдыс-аяқ пен құмыра түрлерін жасаған. Қаңлылардың бекініс қалалары, қолөнер жəне
сауда орталықтары болған. Ежелгі қаңлылардың жері арқылы Ұлы Жібек жолы өткен. Шетел көпестері мен жергілікті саудагерлер өздерінің бұйымдарын, азық-түлік пен тауарларын күміс жəне мыс теңгелерге сатқан.

Категория: Рефераттар | Добавил: MGOKZ | Теги: ежелгі тайпа, Қаңлылар
Просмотров: 1332 | Загрузок: 109 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
dth="100%" cellspacing="1" cellpadding="2" class="commTable">
Аты *: Email:
Кілт *: