Главная » Файлы » Қазақша » Рефераттар

ҚАЗАҚСТАН КОНСТИТУЦИЯСЫ (Ата Заң)
25.09.2012, 10:32
Конституция (Ата Заң) – бұл мемлекеттің негізгі заңы, Қазақстан азаматтарының құқықтық қағидаларын тұжырымдайтын мемлекеттік заң. Ол қоғамдық жəне мемлекеттік құрылыстың негізгі көзқарастарын, мемлекеттік органдардың құрылу жəне қызмет істеу ұстанымдарын бекітеді. Конституцияны негізгі заң ретінде жоғары үкімет органы  немесе  арнайы  шақырылған  құрылтай жиналысы, ұлттық жиналыс қабылдайды. Ол қоғамдық қарым-қатынастың дамуына байланысты өзгеріп отырады. Тəуелсіз Қазақстанда бірінші Конституция 1993 жылы қабылданды. Ал бүгінгі күні елімізде 1995 жы- лы 30 тамызда қабылданған Конституция қолданылып Бұл Конституция қазіргі жəне болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілікті, егемендік құқықты негізге ала отырып қабылданды. Конституцияда: «Біздің мемлекетіміздің халықтары ақысыз білім, алғашқы дəрігерлік көмек алуға құқықты. Балаларына қамқорлық жасау жəне оларды тəрбиелеу – ата- ананың табиғи құқығы əрі парызы», – делінген.

Тарихы

Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданған 1991 жылы желтоқсанның 16 да Қазақстан өз мемлекеттік тәуелсіздігін жариялаған, 1992 жылдың соңына дейін бұл шешімді іске асыру кезеңдерін бастады. Біртұтас Қазақстан азаматтығы, тәуелсіз экономикалық жүйе, қаржы-несие, салық және кеден мәселелері, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері белгіленді. 1992 жылы 4 маусымда Қазақстан елтаңбасы, 11 желтоқсанда Қазақстан әнұранның жаңа мәтіні бекітілген. 1992 жылы Қазақстан БҰҰ мүше болып қабылданды. 29 қыркүйекте Қазақтардың Дүниежүзілік құрылтайы ашылды.

1993 ж. 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның бірінші конституциясы қабылданды. Осыдан кейін Қазақстанның сыртқы елдермен қатынасы (республиканы 100-ден аса ел таныды) күшейді.

1995 ж. наурызынан бастап егемендіктің тағы бір белесі басталды. Ол республиканың Конституциялық Сотын танумен, Жоғары Кеңес депутаттарының өкілеттілігіне қол сұғылмайтындығымен, Қазақстан халықтарының Ассамблеясы ашылуымен байланысты.

1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.

1995 ж. желтоқсанда екі палаталы (жоғарғы палаталы — Сенат, төменгі палаталы —Мәжіліс) Парламентке сайлау өткізілді.


Категория: Рефераттар | Добавил: MGOKZ | Теги: конституция, Ата заң
Просмотров: 12736 | Загрузок: 0 | Комментарии: 5 | Рейтинг: 3.5/15
Всего комментариев: 5
0  
5 шынтемир   (08.05.2015 08:20) [Мәлімет]
хмхмхмххммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммм ммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммм ммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммм ммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммм ммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммм ммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммм мммммммммммм

0  
4 шынтемир   (08.05.2015 08:19) [Мәлімет]
бабылар кайда???

0  
3 Айгуль   (15.04.2015 19:54) [Мәлімет]
привет

0  
2 Abzike   (28.04.2014 17:00) [Мәлімет]
неге ата заң деп атаганын айтапаган ааа??? сол туралы тапсандар айтындарш))

0  
1 Айнур   (04.04.2014 20:42) [Мәлімет]
привет

dth="100%" cellspacing="1" cellpadding="2" class="commTable">
Аты *:
Email:
Кілт *: