Главная » Файлы » Қазақша » Рефераттар

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РƏМІЗДЕРІ
25.09.2012, 10:41
«Таңбасыз ел болмайды, Найзасыз ер болмайды», – дейді қазақ халқы. Əр халықтың тарихына, салт-дəстүріне, мəдениетіне байланысты рəміздері болады.
Рəміз дегеніміз – белгілі бір нəрсені суреттермен, таңбалармен сипаттап көрсетуден туатын шартты белгі. Кез келген мемлекеттің өзі қабылдаған мемлекеттік рəміздері
болады. Мемлекеттік рəміздер – бұл мемлекеттің тəуелсіздігін білдіретін айырым белгілері болып табылады. Олар белгілі бір мағына беретін жəне өзара үйлесімде орналастырылған жанды-жансыз заттардың бейнелерінен құрастырылады. Мемлекеттік рəміздерде мемлекеттің, елдің арман-мұраты, мүддесі көрініс табады. Мемлекеттік рəміздер тəуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мəртебе беріледі. Олардың қолданылуы Конституцияда белгіленеді жəне Заңмен қорғалады. Сондықтан азаматтарға мемлекеттік рəміздерді қастерлеуді парыз етеді. Мемлекеттік рəміздерді қадірлеу – мемлекетті, халықты, оның тарихы мен мəдениетін құрметтеу деген сөз. Рəміздерді құрметтеу азаматтардың, балалар мен жасөспірімдердің отансүйгіштік сезімін қалыптастырады. Дүние жүзіндегі басқа мемлекеттер сияқты Қазақстанның да өз рəміздері бар. 1992 жылы 4 маусымда мемлекетіміздің Туы, Гимні (Əнұраны), Елтаңбасы туралы заң қабылданды.

ҚР мемлекеттік Туы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы – тік бұрышты (ені – 1 метр, ұзындығы – 2 метр) көгілдір мата. Көгілдір түс – бейбітшіліктің, тыныштықтың, жарқын болашақтың жəне ашық аспанның нышаны болып
саналады. Тудың ортасында жарқырап шыққан шұғылалы күн орналасқан. Бұл – бейбітшіліктің белгісі. Күннің астында қалықтап ұшқан қыран құс бейнеленген. Дала
құсы – дарқандық пен қырағылық жəне биікке самғау белгісі. Тудан қыранның орын алуы «Тəуелсіз Қазақстан қыран сияқты биіктен көрінсін, ғұмыры ұзақ болсын» дегенді білдіреді. Тудың сол жағында қазақ халқының ұлттық өрнегі бейнеленген. Өрнек қазақ халқының салт- дəстүрінің, мəдениетінің жəне ұлттық өнерінің бір көрінісі болып табылады. Күн, қыран құс жəне өрнек алтын түспен берілген. Алтын түс - молшылықтың, байлықтың, құт-берекенің белгісі. Тудың авторы – суретші Шəкен Ниязбеков.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы

Қазақстан   Республикасының   мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Ол – Елтаңбаның жүрегі іспеттес. Шаңырақ əлемнің біртұтастығын, Қазақстанда
тұратын халықтардың бір шаңырақтың астында тату-тəтті, ынтымақты өмір сүретінін бейнелейді. Шаңырақты айнала уықтар шаншылған. Олар
күн сəулесіндей жарқырайды. Шаңырақтың екі жағын аңыз-ертегілердегі пырақтардың қанаттары көмкеріп тұр. Қанатты пырақ – мəңгілік өмір, шексіз даму жəне болашаққа үміт артар жас
ұрпақтың арманы, биікке самғау талабы. Елтаңбаның маңдайшасында бес бұрышты жұлдыз бар. Ол – мемлекетіміздің жарық жұлдызы. Халқымыздың «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл
арманын арқалап тұрғандай. Төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар. Елтаңбаның реңдік бейнесі – алтын жəне көгілдір түсті. Елтаңбаның авторлары – сəулетшілер Шота Уəлиханов пен Жандарбек Мəлібеков.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Əнұраны

Қазақстан Республикасының мемлекеттік негізгі рəміздерінің бірі мемлекеттік Гимні болып табылады. Гимні салтанатты рəсімдерге, мемлекеттік органдар өткізетін өзге де шараларға байланысты орындалады. Мысалы, ҚР Президентінің салтанатты ант беруі, ҚР Палаталары депутаттарының сессияларын ашу жəне жабу кезінде, елге ресми сапармен келген шет елдік қонақтарды (мемлекет, үкімет басшыларын) күтіп алу жəне шығарып салу рəсімдерінде, т.б. жағдайларда орындалады. Алғашқы мемлекеттік Гимн ретінде кеңестік дəуірдегі мемлекеттік Гимн бекітілген болатын. Оның сөзін М.Əлімбаев, Қ.Мырзалиев, Т.Молдағалиев, Ж.Дəрібаева шығарған. Ал сазын М.Төлебаев, Е.Брусиловский, Л.Хамиди жазған. 2005 жылы желтоқсанда сөзін Жұмекен Нəжімеденов жазып, əнін Шəмші Қалдаяқов шығарған «Менің Қазақстаным» əні Нұрсұлтан Назарбаевтың өзгертулер енгізуімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні болып қабылданды. Жаңа Гимні алғаш рет 2006 жылы 11 қаңтардағы Н.Ə. Назарбаевтың ұлықтау рəсімінде орындалды.

Менің Қазақстаным
 

Алтын күн – аспаны,
Алтын дəн – даласы,
Ерліктің дастаны –
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген
Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!
 

Ұрпаққа жол ашқан
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тəуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты
Мəңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!


Сөзі: Ж. Нəжімеденов, Н. Назарбаев
Əні: Ш. Қалдаяқов




Категория: Рефераттар | Добавил: MGOKZ | Теги: елтаңба, әнұран, Ту, рәміздер
Просмотров: 9012 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 5.0/2
Всего комментариев: 0
dth="100%" cellspacing="1" cellpadding="2" class="commTable">
Аты *: Email:
Кілт *: