Главная » Файлы » Қазақша » Рефераттар

Сақтар туралы мәлімет
[ Скачать с сервера (328.8 Kb) ] 22.09.2012, 22:59
Сақтар (б.з.б. 1 мыңжылдық – б.з. І ғ.) – қазақ жерінде өмір сүрген ежелгі тайпа.
Олар Солтүстік Үндістан, Ауғанстан, Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан
жерлерін мекен еткен.
Сақтар, негізінен, мал өсірумен айналысқан. Əсіресе, жылқы малын көптеп өсірген,
өйткені жылқыны жоғары бағалаған. Сақтар ат құлағында ойнайтын шабандоз, əрі ат
үстінде садақ тартып, атқанын мүлт жібермейтін мерген болған. Мұндай өнерде оларға
ешкім тең келе алмаған. Олардың аттары да таң қаларлықтай жүйрік болған. Бірде
парсылар патшасы сақтардың бір сарбазының астындағы атына қызығып, айырбас
ретінде оған өзінің байлығын ұсынған екен. Бірақ сарбаз одан бас тартқан көрінеді.
Уақыт өте келе сақтар отырықшылыққа көшкен. Жер өңдеп, егін шаруашылығымен
шұғылданған. Бекіністі қалалар мен шағын елді мекендер салған. Сол бір алыс кезеңде
олар өз мемлекеттерін құрған.
Сақтар қоғамында əскери адамдар – жауынгерлер ерекше құрметке ие болған.
Батырлығымен, мергендігімен көзге түскен адамдардың арасынан патша, көсем
сайланған. Оларда əйелдер мен қыздар да ержүрек болған. Соғыс өнерін жетік біліп,
еркектермен бірдей соғысқан. Мысалы, Томирис патшайым ақылы мен айласы,
батырлығы арқасында парсы əскерін жеңгенін тарихтан білеміз.
Сақтарда қолөнер мен зергерлік өнер жақсы дамыған. Олар əр алуан жануарларды:
бұғыны, жылқыны, түйені, бұланды, барысты, тауешкіні өте шебер бейнелеген.
Киімдерін жануарлар бейнесі бар алтын жапсырмалармен сəндеген. Шошақ төбелі бас
киім, шекпен, шалбар жəне етік киген.
Олар темірді қорытып, еңбек жəне соғыс құралдарын жасаған. Табиғат күштері мен
аспан шырақтарына, əсіресе, Күн мен отқа табынған.
Көшпелі қоғамдағы тұңғыш жазу сақтарда пайда болған. Сақтардың сауатты
болғанының бір айғағы – Есік қорымдағы «алтын адаммен» бірге көмілген күміс
тостағанның түбіне түсірілген таңбалар. Ол – Қазақстаннан табылған ең ескі жазу.





Сақтар (сақалар) - қуатты тайпалық одақтары массагеттер, исседондар, аландар, каспийлер, сарматтардан тұрған.

Атауы

Бұл халық өзін өзі сака, сақа деп атаған, (аккадша: ashkuza; қыт. 塞 — Sai, көне қытайша: *sək).

Оларды көне юнандар скифтер (гр. skythai) деп атаған. Ол туралы юнан тарихшысы Геродот өзінің «Тарих» деген еңбегінде, 5 томында, жағрапияшы Страбон «Жағрапиясында» жазып қалдырған.

Сақтар мекендеген жерлер.



Сақтар – б. з. б. 1-мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан жерін мекен еткен ежелгі тайпалар. Бұларды грек тарихшысы Страбон «азиялық скифтер» деп жазды. Рим жазушысы үлкен Плиний де осылай деген. Оның жазуынша скифтерді парсылар «саға» («сақа», «сақ» аты осыдан шыққан) дейді.

Қоныстанған жерлері

Б. з. б. I мыңжылдықта Солтүстік Үндістанды, Ауғанстанды, Орта Азияны және Қазақстанның оңтүстігін қамтитын кең-байтақ аумақта жинақтап алғанда «сақ» деп аталатын көптеген тайпалар мекендеген. Геродот (б. з. б. V ғ.) және баска антик тарихшылары оларды Азия скифтері деп атаған.

Fылымда сақтардың бұл топтарының Орта Азия мен Қазақстан аумағында шоғырланғаны туралы көптеген болжамдар бар. Олардың біреуіне сәйкес Шаш (Ташкент ауданы), Солтүстік Қырғызстан аумағында және Қазақстанның оңтүстігінде тиграхауда-сақтар мекендегені, бұл сақ тайпаларының этникалық аумағы кеңірек болған, оған Оңтүстік Орал еңірі мен Таулы Алтайда енген.Ахемендік Иранның сына жазу ескерткіштерінде Сақтар үш топқа бөлінеді. Олар: хаумаварға Сақтар (хаому шарабын ішетіндер немесе амюрийліктер); тиграхауда Сақтар (шошақ бөріктілер); тьяй-парадарая Сақтар (теңіздің арғы жағындағылар). Бұлар Орта Азияның оңтүстігін, Арал теңізінің төңірегін, Сырдария бойын, Жетісу алқабын мекендеген. Сақтар одақтарына яксарт, массагеттер, исседон, дайлар, астақ, қамақ, аримаспы сияқты көптеген көне тайпалар біріккен. Бұлар Кавказ тауын «Қаз» тауы деп атаған. Сақ жерінде Яксарт (Сырдария), Оксус (Өкіссу – Әмудария) үлкен өзендер болған. Сырдарияны Бақтиярлар (бактрлар) Яксарт, ал Сақтар Сілес (Сіле, Сілеті) деп атаған. Сақтардың б. з. б. мәдениетті ел болғаны туралы дерек мол. Археологтар Қазақстанның оңтүстік ауданы мен Қырғызия, Тәжікстан және Алтай жерлерінен Сақтар тайпаларының қорғандары мен обаларын тапты. Парсы патшасы Дараявауштың Парсаға (гр. Persepolis) жақын Накширустамдағы тас жазуларында сақаларды үш топқа бөліп көрсеткен:

    парадрая (теңіздің арғы бетіндегі сақалар) — еуропалық сақалар-скифтер немесе Арал теңізі, Сырдарияның арғы жағындағылар;
    хаомаварга (хаома сусынын жасайтын сақалар) — Ферғана алқабын мекендеушілер;
    тиграхауда (шошақ бөрікті сақалар) — Сырдарияның орта ағынын және Жетісуды мекендеушілер.

Тарихы

Парсыларға тұтқынға ұсталған сақалардың Скунха деген көсемі, Бехистун, Иран


Парсылардың патшасы Құрыш II, Лүдия патшасы Кройсоспен 558—29 жж. ЗБ соғысқанда, сақалармен одақтасқан. Кейін Құрыш сақаларды, соның ішінднгі массагеттерді өзіне бағындаруды ұйғарды. Құрыш сөйтіп, Сақа жеріне басып кірді. Алайда парсылар сақаларды жеңдік деген кезде, сақа жауынгерлері тұтқиылдан бас салады. Құрыш та, әскерлері де өлтіріледі. Тұмар туралы аңыз осы кезде шықты. Бұл аңыз расқа тән — Құрыш ұлы Қамбуджия — массагеттерге өкілдерін жіберіп әкесі мәйітін кері алған. Сына жазуы мәтіндерінің кейбір этнонимдері грек деректемелеріндегі тайпалар аттарымен иланымды ұқсастырылады. Мәселен, Геродоттың өз айтуы бойынша Ахеменид державасының оныншы әкімшілік округіне кірген (Геродот, Ш, 92) ортокарибантийлері тиграхауда-сактарға, амюргийлік сақтар — хаумаварга-сақтарға (Геродот, VIII, 64), ал дайлар — Авестаның және Ксеркс жазбасыньщдахтарына сәйкес келеді. Басқа да грек авторларының көпшілігі сияқты, Геродот та кейде «азиялық скифтер» деген терминді қоса отырып, сактарды скифтер деп атайды. Бұл атау грек тарихшыларына жақсы таныс Солтүстік Қара теңіз еңірі мен Алдыңғы Азияның көшпелі скиф тайпаларына қарап айтылды. Бірақ грек деректемқлерінде ахеменидтік сьша жазуларыңда кездеспейгін басқа атаулар да бар, олар: массагеттер, савроматтар (кейінгі кезде сарматтар), аргиппейлер, аримаспылар, ассилер, пасиандар, сакараулдар (сакарауктар) және басқалары.[3]

Парсы жэне антик деректемелеріндегі тайпаларды Казақстан мен Орта Азияның осы замангы картасына орналастыру туралы мәселе әлі түпкілікті шешілген жоқ. Теңіздің арғы жағындағы сақтарды оқшаулап бөлуде таяу уақытқа дейін екі көзқарас болып келді. Бірінші көзқарас (В.В. Струве) тұрғысынан, парадрайа-сақтарды Арал теңізінен шығысқа таман және Әмудария мен Сырдария өзендерінің төменгі бойларына орналастыру керек еді. Мәселені бұлайша коюға I Дарийдің сақтарға қарсы жорығының жүрген жолы туралы әңгімелейтін Бехистун жазбасынын бесінші бағанының екінші жартысын қайта құруды ұсыну негіз болды. Бехистуннан алынған мәтінінін қалпына келтірілген болігін, ал одан кейін Накши-Рустем және Персеполь жазуларын антик деректемелерінің мәліметтерімен салыстыру негізінде — парадрайа-сактардың және «Соғдының ар жағындағы» сақтардың массагетгерге, дайларға, каспилерге сәйкестігі туралы болжам жасалды.

В.В. Григорьев басқаша көзқарасын айтады, оған карағанда парадрайа- сақтар деп Оңтүстік Ресей және онымен шектес аймақтар аумағын мекендеген еуропалық скифтерді түсіну кажет болады. Бехистун жазбасын жаңадан зерттеу және аудару Бехистун жазбасының V бағанасын баскаша карап, басқаша түсіндіруге әкеп соқты. Қазіргі уақытта парадрайа-сақтарды Қара теңіздің солтүстік төңірегіне орналасты деу дұрысырақ деп саналады10. Орта Азия мен Қазақстан сақтарының басқа екі тобы (хаумаварга мен тиграхауда) Таяу Шығыстың халықгарына көбірек мәлім болған. Кир мен Дарий жорықтар жасаған тиграхауда-сақтар Ахеменид бедерлері мен мөрлерінде бірнеше рет бейнеленген. Олардың Скунха деп аталатын көсемінің тұлғасы баска да бағындырылған халықтардын патшаларымен бірге Дарийдің бұйрығы бойынша Ирандағы Бехистун деген жердегі жартасқа қашап салынған. Ежелгі Шығыстың ең көне және аса маңызды саяси кұжаттарының бірі деп әбден орынды саналатын Бехистун жазбасының сақ көсемін тұтқынға алумен байланысты оқиғаларға арналған V бағанасының 20—30-жолында былай делінген:

«Дарий патша былай дейді: содан кейін мен әскеріммен Сақтарға аттандым. Шошақ бөрік киетін сақтар шайқасқа шықты. Мен теңізге жеттім де, бүкіл әскеріммен арғы бетке өттім. Сөйтіп мен сақтардың бір бөлігін ойсырата талқандадым да, екінші бөлігін тұтқынға алдым... Скунха деген көсемін қолға түсіріп, маған әкелді. Сол жерде мен өз дегеніммен екінші біреуін (олардың) көсемі қылып тағайындадым. Бұдан кейін ел маған қарады».

Бұл мәтін шошақ бөрік киетін тиграхауда-сақтар туралы ақпарат беретін, сақталып қалған бірден-бір жазбаша құжат болып табылады. Онда тиграхауда-сақтар жері басталатын бір судың бар екендігі де айтылады. Сақтар мен массагеттер еліне Ахеменид патшалары Дарий мен одан бүрынғы II Кирдің жорықтары тарихи анықталған фактілер қатарына жатады. Осы оқиғалар туралы егжей-тегжейлі әңгімелейтін Геродот массагеттер жерін Каспий теңізінен шығыскһқа таман, «Аракс оһөзінінің арғы жағындағы күннің шығу бағыты бойынша орналастырады (Геродот, I, 201, 204). II Кир мен Дарий жорықтарының жолдары талас туғызады. Біреулер Дарий өзінің ізашарының жүрген жолын кайталай отырып, сақтармен Әмударияның арғы жағында Арал теңізі маңында кездесті деп санайды, екінші біреулер II Кир массагеттермен Үзбой өзені арғы жағында (Әмударияның бүгінде тартылып қалған батыс саласы) шайқасты, ал Дарий сақтар жеріне Әмударияның орта тұсынан өтті деп санайды. Бір нәрсе айқын: пікірлердің қайшылықтарына қарамастан, екі жорыкта массагет-сактар тайпаларына карсы бағыт- талған; бұлардың жері Геродоттың ортокарибантийлерініңнемесе Бехистун жазбасындағы тиграхауда-сақтардың жерімен толық немесе ішінара сәйкес келеді деп топшылау керек. Географиялық жағынан алғанда, бұл — Каспийдің шығыс төңірегі мен Үзбойдан Сырдария өзеніне дейін қоса алғандағы Арал өңірінің аймағы12. Массагет одағы, сірә, дербик- тер, абийлер, апасиактар сияқты тайпаларды да біріктірсе керек.

Сондай-ақтиграхауда-сақтар Шашты, Тянь-Шаньді және Жетісуды мекендеген деген пікір де бар. Страбонның айтуы бойынша, массагеттерден солтүстікке таман, «Меотидадан жоғары» (Страбон, XI, 9,2) жерлерде дай тайпалары қоныстанған. Сырдарияның арғы жағындағы олар Александр Македонскийдің замандастарына да мәлім болды . Антик авторлар оларды, бұрынырақта Геродоттың жазғанындай, массагеттердің иелігіндегі жерлерде орналастырады. «Дах» атауы неғұрлым ертеректегі деректемелер- «Авеста» мен Ксеркстің «дэвтер» туралы жазбасында да мәлім. Мұның бәрі дахтардың (дайлардын) әуелде массагеттердің солтүстігіне таман аймақты мекендегенін, не массагеттердің бірлестігіне кіргенін көрсетеді. Б. з. б. III ғасырдың орта шенінде дайлар тарих ересінде массагетгердің орнын алып, Каспий маңының оңтүстік-шығысынан, Парфия шекарасынан келіп шығады. Осы уақыттан бері «көптеген скифтер, Каспий теңізінен бастап, дайлар деп аталады» (Страбон, XI, 8,2).

Парсы сына жазуларының хаумаварга-сақтары ең ірі тайпа немесе тайпалар тобы болды, олар грек деректемелерінде амюргий-сактар деп аталады. Көптеген зерттеушілер амюргий-сактарды ежелгі Бактрия және Маргиана аймақтарына (Әмудария мен Мұрғаб езендерінін жағалауы) орналастырады. Бұлар ертедегі парсылар танысқан алғашқы сак тайпалары еді. Геродот былай деп жазды: «Бұл — амюргийлік сақтар деп аталған тайпа (ол шын мәнінде, скифтік тайпа). Өйткені парсылар скифтердің бәрін сақтар деп атайды.

Құрыштың Орта Азиядағы басқыншылық жорықтарын Дараявауш I (521—486 жж. ЗБ) жалғастырды. Парсылар сақаларды аз уақыт бағындырады. 6 ғ. ЗБ соңы — 5 ғ. ЗБ басында (500—449 жж. ЗБ) ежелгі Шығыстағы юнан-парсы соғысында сақа тайпалары парсылар жағында болды. 490 ЗБ ж. юнан-парсы әскерінің Марафон жерінде болған соғысында сақалар парсылармен бірге юнандарға қарсы соғысты.

4 ғ. ЗБ 330 жж. Ескендір Зұлқарнайынның македон әскерлері Ахеменидтердің ең соңғысы Дараявауш III Кодоманның армиясын талқандап, Орта Азияға басып кіреді. Олар Маракандты (Самарқанд) алып, Сырдарияға келеді. Сыр бойына бекіну үшін, Александрия Эсхата (Шеткі Александрия) деген қала салады. Алайда македондықтар жеңгенімен, ыстық табиғатқа шыдамаулары, Ескендірдің аурып қалуы македондықтар Самарқанға шегінуге мәжбүр етті. Ескендір 323 ЗБ ж. Бабыл қаласында сүзектен өлді. Оның ала-құла империясы ыдырап кетті. Бірақ хаумаварга-сақтардың қоныстанған аумағы Бактрия мен Маргиана денгейімен шектеліп қалмайды. Амюргийлік сақтар бірлестігінің құрамына сына жазуы деректемелерінің «Соғдының ар жағындағы» сақтары да кірген деп топшылауға негіз бар. Олар Сырдарияның арғы бетінде, осы күнгі Ташкент облысы аудандарында және ішінара Ферғана алкабында тұрған".

Көне парсы сына жазулары мәтіндерінде сақтардан солтүстікке таман өмір сүрген тайпалар мен халықтар туралы ештеңе айтылмайды. Тек Авестада ғана сайрим деген атау айтылады, бірақ бұл халыктың кай жерді мекендейтіні туралы ешқандай мәлімет жоқ. Ежелгі грек деректемелеріндегі мәліметтер көбірек, оларда Авестаның сайримдерімен салыстыруға болатын савроматтар тайпасы туралы айтылады. Савроматтар туралы алғашкы деректер Геродотга бар: «Танаис өзенінің (казіргі Дон өзенінің) арғы жағы енді скиф өлкесі емес, бірақ ондағы алғашқы жер иеліктері савроматтардың қолында. Савроматтар Меотия көлі ойпатынан бастап солтүстікке карай он бес күнде жүріп отуге болатын жерді мекендейді...» Мұның өзі Донның құйылысынан Еділдің сагасына дейінгі аумаққа сәйкес келеді.

Алайда «сақтар», «скифтер», кейініректегі «түріктер» терминдері сияқты, «савроматтар» терминін де авторлар көбіне екі мағынада: тайпалардың өз атаулары ретінде және тілі мен мәдениеті жағынан туыстас тайпалардың үлкен тобын біріктіретін термин ретінде қолданған. Грек-латын деректемелері көбіне бұл этнонимді жиынтық мағынада, савромат бірлестігінің әр түрлі тайпалар құрамын тікелей көрсете отырып (Үлкен Плиний, Эфор, Псевдо-Скилак, Эвдокс) колданады.

Соғыстары

Көне жазбаларға қарағанда Ахемен әулетінің патшалары Кир ІІ, Дарий І Сақтардың әр түрлі тайпаларымен жауласып, бірде жеңіп, бірде жеңіліп отырған. Сақтар парсы әскерінің құрамында грек-парсы соғыстарына қатысты, Ахемендердің әскери құрамында қызмет атқарды. Александр Македонский, кейіннен Селевкилер де Сақтарға қарсы соғысты. Б. з. б. 2 ғ-дың орта шенінде көшпелі тайпалардан ығысқан Сақтар соғыса отырып Дрангиан жеріне орын тепті де, бұл араны Сакастан атады (бүгінгі Иран, Ауғанстан жеріндегі Сейстан). Бүгінгі Орта Азияның, Пәкстанның, Ауғанстанның, Солтүстік Үндістанның жеріндегі С. б. з. б. 1 ғ-дың ортасына дейін-ақ жергілікті халықтармен сіңісіп кетті. Сақтар тілі 10 ғ-ға дейін сақталды. Бүгінгі түркі халықтарының тілінде «сақ» сөзі жиі ұшырасады. Мәселен, якуттардың өздерінше атауы сыха, қазақта: сақа адам, сақшы, сақ сөздерінің сақталуы да бұлар Сақтардың ұрпағы екенінің бір дәлелі.

Археологиялық ескерткіштері

Бұлар қорымдар, жартастағы суреттер, сақ бұйымдарының көмбелері.

Сақалар көсемінің катафракт сауыт-сайманына бейнелі алтын қабырышақпен оқаланған тері сауыты, Есік обасы.



Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан
Бұл сақ тайпалары мекендеген аса көлемді аймақ: тиграхаудтар — Жетісуда, ал массагеттер Арал өңірі мен Сыр бойында. іле алқабында Бесшатыр, Есік, Түрген, Кеген, Алексеев обалары осы алқаптан табылды.

Жетісудағы сақ мәдениеті екі кезеңді: ерте кезеңі (б.з.д. 8-6 ғғ) және кейінгі кезең (б.з.д. 5-3 ғғ.).

Соңғы кезеңдегі патша обасына Бесшатыр қорымы мен Есік обасы жатады. Бесшатыр қорымы Іле өзенінің оң жағалауындағы Шылбыр деген жерде, ол 31 обадан тұрады. Қорымның барша обалары екі топқа бөлінеді, үлкен обалар — диаметрі 45 м-105 м-ге дейін. Биіктігі 6-18 м. Салынған уақыты б.з.д. 5 ғ.

Шығыс Қазақстан

Алтай аясынан, Шыңғыстау мен Тарбағатай бөктерлерінен кездеседі. Үлкен патша обалары бар. Ол Шілікті алқабында шоғырланған. Бұл өңірдің мәдениеті үш кезеңнен тұрады. Мәйемір кезеңі (б.з.д. 7-6 ғғ), берел кезеңі (б.з.д. 5-4 ғғ.), құлажүргін кезеңі (б.з.д. 3-1 ғғ.). Мәйемір кезеңінің соңында салт кісіні атымен бірге қоятын қабырлар пайда болады.

Орталық Қазақстан

Бұл жерден Тасмола мәдениеті (б.з.д. 7-3 ғғ.) ашылды. Зерттеуді археологтар Ә. Марғұлан, М. Қадырбаев жүргізді.

Бұл обалардың ерекшелігі — оларда тас жалы, «мұрты» болады. Бірнеше варианттардан тұрады. Негізгі обаға жанаса немесе оның шығыс бетінде, иек астында кіші оба тұрады, одан шығысқа қарай доғаша иіліп, ені 1,5-2 м, ал ұзындығы 2-200 м дейін кейде одан ұзыныда болады, екі жал кетеді. Үлкен обаға үйілген төбе астында жерден қазылған қабырда өлген кісінің мәйіті жатады, ал кіші қорғанда үйінді астындағы қабырға ат пен ағаш ыдыс-аяқтар қойылады.

Арал өңірі

Арал өңірі сақалар мәдениеті Тегіскен, Ұйғарақ, Оңтүстік Тегіскен қорымдары.

Батыс Қазақстан

Еділ мен Жайық арасындағы аймақтан қорымдардың көп шоғырланған жері — Үлкен және Кіші өзеннің бойлары, Қамыс-Самар көлдерінің өңірлері, Елек, Шаған, Ембі жағалаулары. Обалардың көбінде үйінділері бар, ал олардың аса үлкендері орлармен қоршалған. Тас үйінділері немесе топырақ пен уақ тастар араластырылған үйінділері бар обалар сирек кездеседі. Қабырлар шығыстан батысқа қарай ыңғайлай қазылады, ал өлгендер молаларда емес, обалар үйінділері астындағы арнайы дайындалған алаңдарға қойылады.

Ауыл шаруашылығы

Пазырық обасынан табылған аттылы сақа кескіні



Мал шаруашылығымен де егін өсірумен де айналысқан.

Жылқы өсірген. Екі тұқымы болғаны анықталды. Оның біревІ басы үлкен, аяғы жуан, денесі шомбал, жатаған жылқы, ал екіншісі шоқтығы биік бойшаң, сымбатты жылқы, оны қарулы жауынгерлер мінетін болған.

Қой бағумен де айналысқан. Сақтарда маңдай алды дөңестев ірі қойлар көп тараған. Олар қазақтың кәзіргі құйрықты қойлары тұқымына жақын болған.

Түйе шаруашылығы да кең дамыды.

Ал сиырдың көшпелі тіршілікке бейімделген мұндай тұқымының өзгеден айырмасы — өнімділігі төмен, тірілей салмағы аз, жемшөпті көп талғамайтын. Суықта сыр бермейтін, жүні қалың, тебін малы болды.

Егіншілік пен суару. Қыстау маңындағы егін сақтарды астықпен қамтамасыз еткен. Олар тары, арпа, бидай еккен. Оңтүстік Сырдарья алқабында сақтардың Шірік Рабат, Бәбіш-молла, Баланды секілді қоңыстарында табылған.

Кәсіпшілігі

Сақ тайпалары арасында металл өндіру және оны өңдеу, әсіресе қола құюға байланысты кәсіпшіліктері дамыған. Б.э.д. 1 мыңжылдықта Қазақстан және Орта Азияны мекендеген сақ тайпалары темірден заттар жасауды меңгерді.

Темір мен мыс, қалайы мен қорғасын, алтын мен күміс өндіру жоғары дәрежеде дамыған. Мәселен, Имантау кен орнында 3 млн. пұт мыс рудасы, ал Жезқазған мен Успенскіден 10 мың және 26 мың пұт руда өндірілген, сонда сол руданың көбісі сақтар заманында өндірілгені анықталды.

Сақ зергерлері қоладан қанжарлар, оқ жебелері мен сүңгі ұштарын, аттың қайыс әбзелдерін, әшекейлер мен айна, қазандар мен құрбандық ыдыстарын жасаған.

Саудасы

Еуразия далаларын сақтар билеген кезде Батыс пен шығысты, Жерорта теңізі мен Қытайды байланыстырған халықаралық өтпелі сауда басталады. Б.з.д. 1 мыңжылдықтың орта кезінде дала жолы пайда болады. Геродот жазуына қарағанда, дала жолы Қаратеңіз өңірімен жүріп, Дон жағалауына сосын Оңтүстік Орал өңіріндегі савроматтар жерінен Ертіс бойына, одан әрі Алтайдағы аргиппейлер еліне жеткен, содан әрі Моңғолия мен Қытайға қарай кететін болған. Осы жолдың бір бөлігі Қазақстан жерімен өтті.

Тиллә тепеден табылған алтын әшекейлер, Бактра.


Қоғамы

Сақ қоғамында халықтың үш тобы болды деген болжам бар. Ол рим тарихшысы Квинт Курций Руф айтқан аңызға сүйеніп айтылады. Бұлар:

    жауынгерлер — сүңгі мен оқ («ратайштар-арбада тұрғандар»),
    абыздар — құрбандық табағы және айрықша бас киімі бар,
    қауымшыл сақтар, яғни «сегізаяқтар» (соқаға жегетін екі өгізі барлар).

Осы үш жіктің өзіне тән дәстүрлі түсі болған. Жауынгерлерге — қызыл, сары-қызыл; абыздарға-ақ; қауымшылдарға-сары мен көк түстер. Сондай-ақ көсемдер мен патшалар да болды. Олар әскери жіктердің өкілдері болды. Гректер оларды басилевс — патша деп атаған. Патшаның белгісі жебелі садақ.

Мәдениеті

Сақтар аң стилін Алдыңғы Азия мен Иранға жорық жасаған кезінде қабылдаған. Бұл өнер б.д, д. 7-6 ғасырда қалыптасқан. Аң стилі дегеніміз түрлі жануарлардың бейнелерін дыс-аяққа, киімге, тұрмыс заттарына, түрлі әшекейлерге, қару-жараққа салған. Сақтар күнге, найзағайға, жел-дауылға табынған. Сақтар мифологиясында сәйгүлік ат күнмен, отпен байланысты болған. Дүниені жаратқан көк тәңірісі Митра, жердікі Варуна, жер астыныкі Индира секілді құдайлар болған.


Дереккөздер

    ↑ Р. Жұматаев, тарихшы «Сақ» атауы қайдан шыққан?
    
     (қаз.). ukkz.net. «Үш қиян» газеті (23 Ақпан 2012). Тексерілді, 9 наурыз 2012.
    ↑ Тараз энциклопедиясы
    ↑ «Қазақстан тарихы» (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. — Алматы: Атамұра, 2010.—59

Категория: Рефераттар | Добавил: MGOKZ | Теги: ежелгі тайпа, Сақтар
Просмотров: 55581 | Загрузок: 1313 | Комментарии: 10 | Рейтинг: 5.0/5
Всего комментариев: 10
0  
10 али   (18.01.2016 13:41) [Мәлімет]
суки

0  
9 али   (18.01.2016 13:40) [Мәлімет]
малдар

0  
8 Анель   (26.12.2015 09:01) [Мәлімет]
оооооо кушты

0  
7 Ғазиз   (18.10.2015 16:54) [Мәлімет]
рахмет

0  
6 Ғазиз   (18.10.2015 16:53) [Мәлімет]
gaziz@mail.com

0  
5 АқмоншаҚ   (30.10.2014 14:37) [Мәлімет]
87027618994

0  
4 АқмоншаҚ   (30.10.2014 14:36) [Мәлімет]
<
Бәрі өте жақсы берілген! Үлкен рахмет! Тарихтан 5 шығатын болдыыыыыыыыым ууууууууууууууууууууууууууурррррррррррррррррррррррррррррраааааааааааааааааааааааа аааа

0  
3 ???   (04.02.2014 23:33) [Мәлімет]
сенин сабак окымаганына саит емес басын кинали го

0  
2 Аружан   (10.12.2013 09:10) [Мәлімет]
Блядь почему тогда не было открыто этот сайт
Я 2 получил из историииииииии

0  
1 манас   (21.11.2012 11:51) [Мәлімет]
dalbandar

dth="100%" cellspacing="1" cellpadding="2" class="commTable">
Аты *:
Email:
Кілт *: