Главная » Файлы » Қазақша » Таныстыру

Өзін - өзі таныстыру
[ Скачать с сервера (17.5 Kb) ] 21.09.2012, 10:58

Армысыздар жиналған көпшіл қауым,
Биік қойған жанынан қыздың арын!
Қыз өсірген қазақтың қайғысы осы,
Қатал сынға салатын әр қадамын!

Шын сыналған жүйрікте мін болмайды,
Ақылы озық - біреуге күң болмайды!
Келіні дана болған қазағымның,
Ұлдары өзге елге құл болмайды!

Көпшілік мен де өзімді сынға салдым,
Ұлықтап қазағымның дәстүр салтын!
Топтан озу мақсатым болмаса да,
Ару болу мақсатым инабатты!

Әділқазы алқасы армысыздар!
Бейне бір жауатұғын қармысыздар.
Аруларға әділ баға беретұғын,
Әділеттен жаралған жанбысыздар?!

Атым - ..... болады сұрасаңыз,
Албан екен кешегі бір атамыз.
Әкем аты ..... асқар тауым,
Пана болып біздерге жүз жасаңыз!

Анашым Тугленшедей Бәленше қызы,
Жүзінен төгілетін күннің нұры.
Атыңа кір келтірмей өтсем сенің,
Мойнымнан түсер ме екен перзент жүгі..!

Ұстазым - ... апай аяулы адам,
Біздерден бар білгенін аямаған!
Осындай ұстаздардың арқасында,
Көпшіліктің көңілі тояр маған!

Көп айтып өз жайымды не қылайын,
Өнеріммен одан да таң қылайын!
Кішіге үлгі, үлкенге өнеге боп,
Сахнаның төрінде сән құрайын!


Категория: Таныстыру | Добавил: MGOKZ | Теги: таныстыру, өзін
Просмотров: 110459 | Загрузок: 1787 | Комментарии: 31 | Рейтинг: 3.4/151
Всего комментариев: 211 2 3 »
0  
21 Диас   (20.11.2016 17:21) [Мәлімет]
Маган Ханзала мен Ханшайым сайысына ер балага таныстыру тауып берыныздершы ен болмаса 4-шумақ алдын ала спасибо

0  
20 ЕСЕТ   (21.03.2016 12:49) [Мәлімет]
мен болам елімнің мақтанышы!
елім менің қазақстан!
соның ішінде аттағы дүр жарған,
адай руы мен болам!
бөлінді деп ойлама
туған жерім
Шырайлы Саралжын деген жер
болады таба алмаған адам
Ақтөбенің Ойыл деген діңгегіде
тамыр жайған Бөтагоз апамызда
Есет батырдың ұрпағызмыз!

0  
19 айдана   (24.02.2016 19:21) [Мәлімет]
керемет екен

0  
18 сара   (03.11.2015 14:41) [Мәлімет]
Жай гана, кыз сынына емес ешкандай мерекеге емес, таныстыру бар ма?

0  
17 альбина   (11.10.2015 09:26) [Мәлімет]
Өзбекше таныстыру керек ед

0  
16 FlasHJukeY   (06.10.2015 19:45) [Мәлімет]
Тупойлар бул мындада бар ол ози жазган жок http://www.zharar.com/kz/olen/1100-girl_tanystyr.html

0  
15 алуа   (09.04.2014 20:39) [Мәлімет]
спасибо

0  
14 алуа   (09.04.2014 08:18) [Мәлімет]
рахмет

0  
13 Толкын   (05.04.2014 17:04) [Мәлімет]
Аспаз туралы таныстыру керек тауып бериниздерши отиниш

0  
12 Айжан   (15.03.2014 15:19) [Мәлімет]
22 наурызға таныстыру керек еді. Сөздері мағыналы болса тіпті жақсы.

1-10 11-20 21-21
dth="100%" cellspacing="1" cellpadding="2" class="commTable">
Аты *:
Email:
Кілт *: