| Главная » Файлы » Қазақша » Таныстыру | 
Таныстыру (Қызға) 
| [ Скачать с сервера (15.5 Kb) ] | 21.09.2012, 10:22 | 
Түркістан - Ата жұртым, дала - жаным. 
		
	Даламды жұпыны деп қарамағын: Пасауи, дәдем Қорқыт, Арыстанбаб - киелі жатыр мұнда бабаларым - әрқайсы алтын діңгек дараларым. Қансырап Далам талай қылыштардан, сонда да сүрінбеген Шығыс-тарлан. Дұшпанын ыққан малдай түріп айдап, ұлдары Ер Түріктің ұрыс салған, бар әлем тілсіз қалды ығысқаннан. Ақ Баян сұлу Жібек - ерен гүлім, жүргендей сіңлілерін жебеп бүгін, үйреткен өмірімен, өлімімен жігітті қалай сүю керектігін. Ана жұрт - Анадолым құндыз бағы, қол жетпес еңлік гүлдей шын-құздағы. Ер Түрік - шуақты аспан, Сіз бенен біз - аспанның жерде жанған жұлдыздары, Күн болар қатар жанса жұлдыз бәрі. Қуансам, Күншығыстай нұрлы жүзім, қуамын арғымақпен жыр қызығын. Мекенім - Тұран дала, әз Түркістан, түріктің батыр көңіл бір қызымын!  | |
| Просмотров: 8184 | Загрузок: 185 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 3.1/38 | |
| Всего комментариев: 0 | |

