Қазақстан – біздің отанымыз - Рефераттар - Қазақша - Мәліметтер - Қазақша мәліметтер, рефераттар порталы
Главная » Файлы » Қазақша » Рефераттар

Қазақстан – біздің отанымыз
25.09.2012, 10:23
Түркі тілдес этностармен салыстырғанда қазақ халқы дербес хандық құрған кезден
бастап өмір салтымен де, шаруашылық-мəдени типімен де, мемлекеттіктің əлеуметтік- саяси құрылымымен де даралық сипат танытты. Əсіресе, мемлекет басқару ісіндегі далалық демократия – билік жүйесі біртұтас елдік пен мемлекеттіктің қалыптасуына, ұлттық салт-сананың шыңдалуына себепші болды. Қазақ халқы ел болып бірігу, ұлт болып ұйысу жолында талай белестерден өтті. Ғасырдан астам уақытқа созылған қазақ пен жоңғар арасындағы қанды қырғын соғысты, соның салдарынан халық тартқан қасірет – «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» нəубетін, үш ғасырға созылған Ресей империясына тəуелді болған бодандықты, бодандық құрсауынан шығып, еркіндікті, егемендікті аңсаған ұлт-азаттық көтерілістерді, ұлт мүддесін қорғаған, ұлт мəртебесі үшін қызмет жасаған қазақтың аса білімді, еңбекқор азаматтарын, зиялы қауым өкілдерін жаппай қырған «репрессияны», аштық жайлаған жұтты бастан кешті.
Міне, қазақ халқы қаншама миллион адамынан, ата-бабамыз ат үстінде жүріп
қасық қаны қалғанша қорғап алып берген кең-байтақ жеріміздің үштен бірінен, зиялы
азаматтарынан айырылып, жер қойнауындағы байлығы тоналып, даласының төсінде
атом жəне сутегі бомбалары сыналып, ғажайып төлтума мəдениеті көмескіленіп, тілі
мен діні тоқырап, есепсіз мехнат-азаптарды бастан өткеріп қазіргі күні тəуелсіздікке
қол жеткізді.

Категория: Рефераттар | Добавил: MGOKZ | Теги: Отан, Қазақстан, Туған жер
Просмотров: 1181 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 4.5/4
Всего комментариев: 1
1 Алтын   (01.12.2012 15:57)
Қазақстан туралы мәлімет бар ма?

Аты *:
Email:
Кілт *: